11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №721

595 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 31 желтоқсан, Астана қаласы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру  саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е.Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Т.БАЛЫҚБАЕВ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №721 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау бағдарламасы Атауы Сағат саны 1 Коммерцияландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Шет елдік және қазақстандық тәжірибе. 12 2 Экономика және қоғам дамуындағы жаңа технологиялар. 6 3 Технология мен инновацияны анықтау тәсілдері. Инновациялық процесс. 6 4 Инновацияларды дамытудың әлемдік модельдері. Ғылыми-технологиялық саясат. 12 5 Инновациондық кәсіпкерліктегі менеджмент. 12 6 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің трансфері және оларды коммерцияландыру. 6 7 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің коммерциялануын бағалау. 12 8 Нарықтық әлеуетті анықтау, Бизнес-үлгінің ғылыми-техникалық және технологиялық сараптамасы. 6 9 Технологияны коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу. Технологияны лицензиялау. 12 10 Жаңа технологиялар негізінде спин-оф компанияларын құру. 6 11 Өзіндік жұмыс 24 Барлығы 144 * Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы кадрларды даярлау, «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Техникалық ғылымдар мен технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары» мамандықтары тобының бакалавриаты бойынша, бағдарлама шегінде біріктірілген оқу бағдарламаларын әзірлеу жолымен жүзеге асырылады. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды қайта даярлау бағдарламасы Атауы Сағат саны 1 Технологияны коммерцияландырудың шетелдік және қазақстандық тәжірибесі. 6 2 Экономика және қоғам дамуындағы жаңа технологиялар. 12 3 Технология мен инновацияны анықтау тәсілдері. Инновациялық үдеріс. 6 4 Инновациялардың дамуының әлемдік моделдері. 6 5 Сызықтық және желілік моделдер. Ғылыми- технологиялық саясат. 6 Инновациондық кәсіпкерліктегі менеджмент. 6 7 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің трансфері мен коммерцияландыру ұғымы мен мағынасы. 12 8 Өзіндік жұмыс 24 Барлығы 72 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы Атауы Сағат саны 1 Экономика және қоғам дамуындағы жаңа технологиялардың рөлі. 6 2 Интеллектуалдық меншікті қорғау. Қазақстан Республикасындағы патенттеу Халықаралық патенттік ведомствалар. 6 3 Қазақстандағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің коммерциялануын бағалау. 6 4 Технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу. 6 5 Технологияны лицензиялау. 6 6 Қазақстан Республикасында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды мемлекеттік қолдау. 6 7 Өзіндік жұмыс 6 Барлығы 36 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12975 болып енгізілді.